13 қаңтар 2021 10:16

Елімізде боранға байланысты қай жолдар жабылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда боранға байланысты бірнеше жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда боранға байланысты бірнеше жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазавтожол" өкілдері республикалық маңызы бар үш жолдың жабылғанын айтты.

ШҚО, Қарағанды және Павлодар облыстарында жолдар жабылғаны белгілі болды.

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

"13 қаңтарда сағат 08.30-да қар, бұрқасынға және жол нашар көрінуіне байланысты Омбы-Майқапшағай автожолында Семейден Қалбатау кентіне дейінгі барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

13 қаңтарда сағат 08.00-де Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда-Павлодар автожолында Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

12 қаңтарда сағат 21.30-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран) Қызылорда - Павлодар автожолында Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген "Қазавтожол" хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети