05 тамыз 2014 11:48

Елімізде бір білім грантына сегіз талапкер таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Такир Балықбаев. ©Тұрар Қазанғапов. Такир Балықбаев. ©Тұрар Қазанғапов.

Қазақстанда 8 талапкер 2014-2015 оқу жылының бір грантына таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевқа сілтеме жасап.


Қазақстанда 8 талапкер 2014-2015 оқу жылының бір грантына таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевқа сілтеме жасап.

"Биыл 34 165 грант бөлінді, оның ішінде, дайындық бөлімшелеріне 2500 орын, бірінші курсқа қабылдауға 31 635 грант бөлінді. Біздің комиссияның жұмысы - 31 635 грантты бөлу. Білім гранттарын алу конкурсына 69 624 талапкер қатысып жатыр, яғни бір орынға конкурс бойынша 2,2 адамнан келеді. Егер талапкерлеріміздің төрт мамандыққа сынақ тапсыратынын ескерсек, онда бір орынға сегіз талапкерден таласады", - деді Балықбаев Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысын ашқан кезде.

Ол комиссияның жоспар бойынша жұмыс күндері 5-8 тамыз аралығы екенін атап өтті, жұмыс екі күн ішінде аяқталады. "10 тамызға дейін қорытындыны шығарып, мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімін БАҚ-та жариялауды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады вице-министр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети