30 желтоқсан 2021 13:36

Елімізде тағы екі қала жаңажылдық отшашудан бас тартты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Еліміздің тағы екі қаласы жаңажылдық отшашудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздің тағы екі қаласы жаңажылдық отшашудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда Ынтымақ алаңы мен қалаға шыршалар орнатылғанымен, Жаңа жыл мерекесіне арналған мәдени мерекелер өткізу жоспары жоқ екенін "Лада" басылымы жазды. Жаңажылдық отшашу да болмайды, өйткені оған қаражат бөлінбеген. Басылым былтыр да індетке байланысты жаңажылдық отшашу мен мерекелік концерттер тоқтатылғанын еске салады.

Атырау әкімдігі Atpress.kz тілшісіне коронавирусты алдын алу мақсатында 31 желтоқсанда қалада мерекелік отшашулар ату жоспарланбағанын айтқан. Әкімдіктегілер қаланы жаңажылдық безендіруге ақша бөлмейтіндерін айтты. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Атырауды былтырғы жасанды шыршалармен безендіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети