12 қыркүйек 2021 14:14

Елордада бір уақытта 500 қонақ қабылдаған бар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Елордалық мониторинг топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.


Елордалық мониторинг топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 11 қыркүйекте мониторинг топтары елорданың 12 мекемесінде карантин талаптарының бұзылғанын анықтады.

Ең көп бұзушылар Есіл ауданында тіркелді - 6 нысан. Тексеріс кезінде "Zima" барлар галереясында 500-ге жуық адам болған. "Cabera" гриль-барында, "Панаехали" барында, "Khan El-Khalili" кафесінде, "Мята Platinum Nursaya" ресто-барында, "Tequila"барында жұмыс режимі сақталмаған.

Алматы ауданында "Киш Миш" кафесі, "Tema" компьютерлік клубы, "Панаехали" атмосфералық бары және "Что Будет Дальше" караоке-бары карантин бұзушылар тізіміне енді.

Сарыарқа ауданында орналасқан "Амарин" және "Шашлыкофф" мейрамханаларында да карантиндік шектеулер ескерілмеді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының төмендеуіне қарамастан, елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша әлі де "қызыл" аймақта қалып отыр. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Азаматтар өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені вакцинамен иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети