05 ақпан 2022 11:28

Елордалықтар терезеден аулалардың сүреңсіз келбетін көрмеуі тиіс - Көлгінов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалықтар терезеден аулалардың сүреңсіз келбетін көрмеуі тиіс. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалықтар терезеден аулалардың сүреңсіз келбетін көрмеуі тиіс. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің сөзінше, аудандар мен елді мекендерді аралау кезінде қала тұрғындары аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жөнінде жиі өтініш білдіреді.

"Бүгін дәстүрлі түрде апта сайынғы азаматтарды қабылдадым. Кезекте тұрған 11 отбасын қабылдадым. Жиі қойылатын сұрақтардың бірі - абаттандыру.

Биыл аулаларымызды ауқымды түрде өзгертіп, тұрғындардың бос уақытын таза ауада өткізуі үшін жаңа орындар ашамыз. Жалпы, "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында биыл 250-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Қалалық мәслихатта қаржыландыру жоспары бекітілді. Дегенмен қала тұрғындарының өтініші бойынша биыл және алдағы жылдары абаттандырылатын мекенжайлар тізімі енгізіледі", - дейді Алтай Көлгінов.

"Халықтың бюджетке қатысуы" жобасы қаланың барлық ауданына енгізілгені хабарланды. Бұл жоба қала тұрғындарына өз ауласының сырт-келбетін өзгертуге мүмкіндік береді: футбол және баскетбол алаңдары, демалуға арналған орындар болуы, воркаут аумақтары және тағы басқалары. Әкімнің сөзінше, аудандық әкімдіктермен және урбанистика орталығымен бірлесіп, биыл қала тұрғындарымен 200-ден астам кездесу өткізілді, онда тұрғындар алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер тұжырымдамасын талқылады.

Мысалы, "Агроқалашық", "Көктал", "Теміржолшылар", "Интернациональный", "Өндіріс", "Кирпичный", "Оңтүстік-Шығыс", "Үркер" елді мекендерінде көрікті орындар ашылады. Әдеттегідей негізгі басымдықты қаланың оң жақ бөлігіне аударамыз. Бір кездері қараусыз қалып, салдарынан қала тұрғындарына ыңғайсыздық тудырған учаскелерде жаңа жайлы орындар салынады.

"Сондай-ақ, адам көп жүретін учаскелерді ыңғайлы етуді ары қарай да жалғастырамыз, оларды бір-бірімен жалғастырып, серуендеуге арналған променадтар ашамыз", - деді ол.

Көлгінов үйлер мен кеңселердің терезесінен аулалардың сүреңсіз келбеті емес, көрікті, жайлы, тартымды орындар көрініс табуы керек екенін айтты.

"Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді біз көпфункционалды, сол сияқты түрлі спорттық қызығушылықтар мен жас ерекшеліктеріне қарай дайындаймыз", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети