Ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру: министр мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру: министр мән-жайын айтты Фото:depositphotos.com

Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 150 мың теңгеге дейін көтеру мәселесі жыл аяғына дейін талқыланады. Бұл туралы үкіметте өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 150 мың теңгеге дейін көтеру мәселесі жыл аяғына дейін талқыланады. Бұл туралы үкіметте өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, бұл шараның өзі іс-қимыл жоспарына енгізіліп қойған.

"Бұл мәселе жыл аяғына дейін қаралады, өйткені бұл – талқылау, шара іс-қимыл жоспарында бар. Мен бұл туралы айтқанмын, сондықтан мерзімдері белгіленген, жыл аяғына дейін талқыланатын болады", - деді Ертаев.

Журналистердің "ең төменгі жалақы жыл аяғына дейін көтеріледі деп айтуға бола ма?" деген нақтылаушы сауалына министр бұл туралы айтуға әлі ерте екенін жеткізді.

"Айту қиын, жыл аяғына дейін әдістеме айқындалуы мүмкін. Бұл – біріншіден, екіншіден – қаншалықты көтеру керектігі бойынша белгілі бір шекті анықтау қажет", - деді ол.

Сондай-ақ Ертаев кейінірек өзгерістер бюджеттік рәсімдерден өтуі тиіс екенін түсіндірді.

"Ал одан кейін, егер бюджет процесі болса, оны республикалық бюджет туралы заңға енгізу керек. Яғни, бұл да қазіргі қолданыстағы тиісті процестен өтуді қажет етеді", - деп толықтырды министр.

Сонымен қатар ол ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесінің өзі кез келген жағдайда оның өсуіне бағытталғанын атап өтті.

Мән-жай

Бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) қазіргі 85 мың теңгеден екі есеге жуық, 150 мың теңгеге дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын.

Ең төменгі жалақы, ең алдымен, жұмыс берушінің толық жұмыс айы үшін қызметкерлерге төлеуге міндетті ең төменгі шекке әсер етеді. Сонымен қатар ол кейбір салықтарды, әлеуметтік жарналар және мемлекеттік жәрдемақыларды есептеу үшін негіз ретінде қолданылады. Сондай-ақ ЕТЖ-ның өзгеруі көбінесе төлемдер көлемін және жалпы экономикадағы жалақының "төменгі шегін" қайта қарауға түрткі болады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.73   549.25   6.22 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер