Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер соққыға жыққан ер адамның жағдайын айтты 24 наурыз 2023, 15:00

Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан Таутүрген ауылының 49 жастағы тұрғынының қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан Таутүрген ауылының 49 жастағы тұрғынының қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің өміріне енді қауіп төніп тұрған жоқ.

"Жағдайы тұрақты, жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Дүйсенбіде шығаруға дайындалып жатырмыз", - деді Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының өкілі.

Еске салайық, 49 жастағы тұрғын Есік ауруханасына 7 наурызда 3:17-де жеткізілген еді. Кейін Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының криминалды полициясы 2006, 2007, 2008 жылдары туған үш жасөспірім анықталды. Олар ер адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінген. Қазір оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram