1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Голос. Дети-6" байқауының қатысушысы Aina-LINE арнайы жобасында сұрақтарға жауап береді 14 қаңтар 2021, 17:58

"Голос. Дети-6" байқауының қатысушысы, "Орталық Азия таланттарды іздейді" байқауының жартылай финалисі, "Балалар Евровидениесінің" финалисі

"Голос. Дети-6" байқауының қатысушысы, "Орталық Азия таланттарды іздейді" байқауының жартылай финалисі, "Балалар Евровидениесінің" финалисі Жан Маким және ата-анасы Әли мен Мария Aina-LINE арнайы шығарылымында баласының шығармашылық қабілетін ерте жасынан қалай анықтағанын, музыкаға деген әуестігі мен мотивациясы туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа шығарылымды бүгін, 14 қаңтарда, сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Жанның ата-анасы неліктен баланың қалауын жеке менмендігіне қарағанда жоғары қоятынын түсіндіреді. Олар үшін баласының бақытты болғаны және жүрегі қалаған іспен айналысқаны маңызды. 

11 жастағы Жан Маким музыкамен 7 жасынан бастап айналыса бастады. Бүгінде Жан - вокалшы, көп аспапта ойнайды: укулеле, фортепианода ойнап, музыка мен оған аранжировка жазады. 

Одан бөлек, ол - синестет. Дүние жүзінде тек 4 пайыз адам синестет. Синестеттер әртүрлі: кейбір адам бір дыбыс естігенде бұған қоса әртүрлі дәм мен түстерді де сезінуі мүмкін. Жан музыканы түскен көреді. Ол 30-дан аса байқау мен фестивальге қатысқан, әрқайсында жүлделі орындар иеленген. 

Жүргізуші - "Жаңа Ұрпақ" көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады. 

I-BALAQAI жобасы аясында Marwin family shop және "Меломан" дүкендерімен бірлесіп желтоқсан бойы сертификаттар ойнатады. Instagram-да I-BALAQAI парақшасына жазылып, ұтысқа қатысыңыз.

Сыйлық сертификаттары үшін Marwin family shop және "Меломан" сауда желісінің дүкендеріне алғыс білдіреміз.

Еске салайық, Alash Media Group Damin Group-пен бірлесіп I-BALAQAI жобасы аясында Aina-LINE арнайы жобасын қолға алды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!