02 сәуір 2021 09:03

Григорий Марченконың ұлы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың ұлы Ярослав қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың ұлы Ярослав қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол жазатайым оқиғадан қайтыс болды. Небәрі 24 жаста еді", - деді Григорий Марченко Tengrinews.kz тілшісіне.

Григорий Марченко - қазақстандық қаржыгер, екі рет Ұлттық банк төрағасы болған. 2011 жылы ТМД елдері атынан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы лауазымына ұсынылған.

Григорий Марченко 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. 1979 жылдан 1981 жылға дейін Кеңес армиясы қатарында болған. 1984 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын "халықаралық экономика" мамандығы бойынша үздік бітірген.

2020 жылдың қазанында Григорий Марченко Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалған.

Tengrinews.kz редакциясы Ярослав Марченконың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети