31 наурыз 2022 10:00

Гүлмира Сатыбалды ісі, тағайындаулар. 30 наурызда Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қандай айып тағылды? Орталық сайлау комиссиясының жаңа хатшысы кім? Ұлттық банк девальвациямен қалай күресіп жатыр? Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 


Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қандай айып тағылды? Орталық сайлау комиссиясының жаңа хатшысы кім? Ұлттық банк девальвациямен қалай күресіп жатыр? Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Күннің бұзылуына байланысты жүздеген адам эвакуацияланды 

Бір тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 814 адамды, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйел құтқарылды және эвакуацияланды. Құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 техника жұмылдырылды.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 

Ірі техника дүкендері баға бойынша сөз байласты деген күдікке ілінді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, тұрмыстық техниканы сату бойынша тауар нарығын талдау аясында "Мечта Маркет" ЖШС, сондай-ақ бәсекелес Arena S ЖШС мен Technodom Operator АҚ-та тауарларды сату бағасы бірдей екені анықталды. Сонымен қатар, ұйымдардың тауарларды сату бағасы бірдей, бұл бағаны көтеру және ұстап тұру бойынша бағалық сөз байласуды куәландырады.

Өскеменде колонияға жақын тұратын тұрғындар шағымданды

Өскемендегі Леваневский көшесіндегі тұрғындар түзеу мекемесінің жақындығына шағымданды. Түрмедегілерге қоршаудан есірткі, алкоголь, ұялы телефондар және басқа да заңсыз заттар салынған қапшық лақтырушылар көп. Тәртіп сақшылары өз кезегінде қауіпті көшеге патрульдер жіберуге уәде беріп отыр. Ал 20-дан астам үйдің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшіру туралы өтінішпен қала әкіміне жүгінуді ұйғарған.

Кәсіпкерлерге арналған жаңа "нұсқаулық" шықты

Мемлекеттік органға қарасты ресми сайтта Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына экспорттауға және импорттауға тыйым салынған тауарлардың толық тізімі жарияланды. Сайтта жаңа деректердің пайда болуына қарай  ақпарат жаңарып отыратын болады. Мұны ҚР премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отандық кәсіпкерлерге арналған "нұсқаулық" деп түсіндірді.

Жас мамандар үшін сынақ мерзімі болмауы мүмкін

Қазақстанда жұмыс беруші жас жұмысшылар үшін сынақ мерзімін алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл норма әзірге қарастырылып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуге бастамашылық ететін болады

Фото: elements.envato.com

Қанша қазақстандық өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүр?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстандағы ЖОО түлектерінің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүргенін жеткізді. Оның сөзінше, жастардың 34 пайызы мамандықты өздері таңдамайды, сол себепті оларға жұмыс табу өте қиынға соғады

Оқушылар каникулы қысқара ма?

Білім министрлігі демалыс уақытын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. Министр Аймағамбетов бұл мәселені ғылым, психология, әдістеме тұрғысынан шешу үшін талқылау жүріп жатқанын жасырмады. Ол алдағы уақытта зерттеу нәтижесін хабарлайтынын айтты

Ұлттық банк девальвациямен қалай күресіп жатыр?

Ұлттық банк өкілдері қаржылық тұрақтылықты қолдау бойынша шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді. 2022 жылдың 24 ақпанында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтеріп, жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша бюджет қаражаты есебінен өтемақы есептеуді көздейтін теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасын қолға алған. Сонымен қатар, Ұлттық банк әлемдік қаржы нарығындағы құбылмалы жағдайда ішкі валюта нарығының тұрақсыздануына жол бермеу үшін валюталық интервенциялар жүргізді.

Қазақстандықтар ақпанда қанша доллар сатып алғаны белгілі болды

Өткен айда қазақстандықтар 197,7 миллиард теңгеге доллар сатып алды. Қаңтармен салыстырғанда сатып алу көлемі 10,5 пайызға өскен. Айта кетейік, кешегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 12 теңгеге төмендеп, 458,20 теңгеге тең болды. 

Ақордада қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен қаржы-экономика саласындағы өзекті мәселелер жөніндегі кеңесте экономиканың қазіргі жағдайы мен оның дамуына қатысты болжамдар баяндалды. Сонымен қатар, іс-шарада бюджет шығындарын оңтайландыру, көктемгі егіс науқанына дайындық барысы, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлік логистикасын жетілдіру мәселелері талқыланды

Фото:akorda.kz 

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайы айтылды

Антикор мәліметінше, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. 

Елбасы өзінің көмекшісін қайта тағайындады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің көмекшісі Абай Бисембаевты қайта тағайындады, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды

Фото:udpnew.bk.kz 

Президент Тоқаев дипломаттар арасында ауыс-түйіс жасады

Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Оның орнына Алмат Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Ал Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына кірісті. Сондай-ақ, Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып бекітілді.

Орталық сайлау комиссиясының жаңа хатшысы сайланды 

ОСК отырысында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 11-бабы 2-тармағына сәйкес Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарған Анастасия Щегорцова ОСК мүшесі ретінде жұмысын жалғастырады.

Фото: election.gov.kz 

Мәжіліске жаңа депутат қосылды

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Константин Авершин ант қабылдап, жаңа қызметіне кірісті. Ол Amanat партиясының атынан сайланды.

Ресейде жаңа төлем бірлігін құру ұсынылды

Ресейдің макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжамдау орталығы (МСҚБО) мен РҒА халық шаруашылығы болжау институтының сарапшылары дос мемлекеттермен есеп айырысу үшін жаңа төлем бірлігін құру қажет екенін айтты. Бастама авторларының айтуынша, мұндай бірлік бағамы әлемдік нарықтағы ресурстардың орташа бағасына байланысты болады

БҰҰ бітімгерлері тікұшақ апатынан қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасындағы БҰҰ бітімгершілік миссиясының сегіз қызметкері пәкістандық тікұшақ апатынан қаза тапты. Конго Республикасының қарулы күштері тікұшақты көтерілісшілер елдің шығысында атып түсірді деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети