27 қараша 2014 12:12

"Гүлнәр тур" төңірегіндегі дау-дамайдан кейін Қазақстанда туристерді қорғау туралы ұсыныс айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Құлыбаев. © Тұрар Қазанғапов Тимур Құлыбаев. © Тұрар Қазанғапов

"Гүлнәр тур" төңірегіндегі дау-дамайдан кейін Қазақстанда туристерді қорғау туралы ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық палатада Туризм саласы комитетінің жиыны өтті.


"Гүлнәр тур" төңірегіндегі дау-дамайдан кейін Қазақстанда туристерді қорғау туралы ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық палатада Туризм саласы комитетінің жиыны өтті.

"Ұлттық палатада Денсаулық сақтау министрлігімен бірге, Қазақстандағы туристерді сақтандыратын, қорғайтын, инвестиция салу және дамыту іс-шараларын қолға алу қажет", - деді ҰКП президиум басшысы Тимур Құлыбаев осы жылы туындаған "Гүлнәр тур" компаниясына қатысты туындаған жанжалдарды талқылау кезінде.

Қазіргі таңда туроператорлық қызмет саласының заңнамаларына енгізілуі тиіс өзгерістер дайын тұр, онда туроператорлар мен турагенттіктердің міндеті бөлек көрсетіліген, Ұлттық палата президиумы президенті қаржылық кепілдік енгізу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтау мәселелерін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығына салалық министрліктермен бірге шешуді тапсырды.

Айта кетейік, Комитет отырысында Қазақстандағы туризмнің инфрақұрылымдық даму келешегі қаралып, индустриялық парктер қағидасы бойныша дамыту көзделген туристік кластерлер жайы айтылды. Жиын барысында туризм жақсы дамыған өзге елдердің тәжірибелері алынып, туристік кластердің мемлекет қолдауы болған жағдайда аса жылдам дамып, нәтиже беретіні де ескерілді. Егер жекеменшік сектор жұмысы біріктірілетін болса, бұл саланың тиімділігі де артады.

"Туристік кластерлер әлеуетті туристер арасындағы танымалдық пен аумақтарды кешенді дамытуды және өзге де факторларды ескере отырып құрылып, өркендеуі тиіс. Бұл жағынан, Алматы мен қала сырты, ШҚО және Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтпақшы, "Қазақстанның өмір сүру желісіне айналып, жаңа жұмыс орындары мен қосалқы өндіріс тудыратын" Ұлы Жібек жолының жаңартылған, жақсартылған түрі келешегі бар аймақ болып қала береді", - деді Тимур Құлыбаев.    

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети