18 қараша 2014 19:42

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының құрамындағы қазақстандықтардың саны 300-ден асты - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қосылған қазақстандықтардың саны 300-ден асып отыр. Олардың тең жартысы әйелдер. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 


"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қосылған қазақстандықтардың саны 300-ден асып отыр. Олардың тең жартысы әйелдер. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Әбіқаевтың келтірген деректеріне қарағанда, "Ислам мемлекеті" ұйымының құрамында қазірде "Қазақ жамағаты" деген топ құрылған. Арнайы қызмет "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына ТМД елдері бойынша жасақтар келіп еніп жатқанына алаңдаулы.

Сондай-ақ, Әбіқаев "жап-жас азаматтардың ұйым атынан сөйлеп, радикализмді әшкерелейтін бейнежазбаларды ғаламтор арқылы таратуы да дабыл қағарлық жағдай" деп есептейді.

Әбіқаевтың айтуынша, "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы тек ТМД елдерінен барған жасақтармен толығып отырған жоқ, белгілі болып отырғандай бұл ұйымға қазірде әлемнің 80 елінен азаматтар келіп қосылған. Ұлттық  қауіпсіздік комитеті төрағасының айтуынша, бұл әлемдік тұрғыда қауіп тудыратын жайт.

"Ислам мемлекеті" ұйымына қатысты жағымсыз, келеңсіз жайттарды ушықтырмау үшін азаматтарымыздың Сирия және Ирак елдеріне кетуіне жол бермеуіміз керек. Ресей өз азаматтарының бұл елдерге шықпауына қатысты заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Осы іспетті шаралар Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде де атқарылып жатыр. Мұндай шараларды жасау қауіпсіздік қызметінің жұмысын жеңілдетеді, - дейді Нұртай Әбіқаев.

Сондай-ақ Астана қаласындағы ТМД мемлекеттері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 37-отырысында Ауғанстандағы коалицияның ұрысы да сөз болды.

Ресей Федеральді қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниктің айтуынша, қазір америкалықтар мен ағылшындар мемлекет аймағында белсенді ұрыстардың бәсеңдегенін мәлімдеген. Ресей қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Ауғанстанда әрекет етіп жатқан халықаралық лаңкестік топтар құрамдарын қайта жасақтап жатыр. Олардың жоспарларында Орта Азия елдеріне және Ресейге лаңкестік ұйымдарды енгізу бар.

Ал өз кезегінде Нұртай Әбіқаев Қазақстанда "Ислам мемлекеті" ұйымының құрамына қазақстандықтардың одан әрі еніп кетпеуіне қарсы тек үкіметтік  салалар ғана емес, үкіметтік емес ұйымдар да ат салысып жатқанын, бұл іске елдің Антитеррористік орталықтары да кіріскенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети