“Жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін“ – депутат ҚТЖ-ның 3 триллион теңге қарызы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін“ – депутат ҚТЖ-ның 3 триллион теңге қарызы туралы Фото: t.me/PR_KTZh

"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының қарызы 3 триллион теңгеден асып жығылды. Егер тиісті шаралар қабылданбаса, бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының қарызы 3 триллион теңгеден асып жығылды. Егер тиісті шаралар қабылданбаса, бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін, 24 сәуірде Сенатта Қазақстанның транзиттік әлеуетіне арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр. Отырыс барысында депутат "Қазақстан темір жолының" борыштық жүктемесі тым жоғары екенін айтты.

Анықтама: "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) – Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы. Ол елдің теміржолдарын басқарады, жүк және жолаушылар тасымалдайды, сондай-ақ негізгі теміржол инфрақұрылымының жұмысына жауап береді.

"Жобаларды іске асыру үшін жаңа қарыздар алуды есепке алғанда, ҚТЖ қарызының көлемі 3 триллион теңгеден асты. Біздің пікірімізше, бұл мәселені шешуді соза беру ҚТЖ үшін де, жалпы елдің транзиттік әлеуетін дамыту үшін де жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін", – деді Бұқтұғұтов.

Депутаттың айтуынша, бұған тасымал тарифтерінің төмендігі себеп болып отыр. Оның сөзіне қарағанда, жүк айналымының шамамен 70 пайызы өзіндік құнынан төмен тарифтермен жеткізіледі.

"ҚТЖ-да ЕАЭО және ТМД елдері арасында ең төменгі теміржол тарифтері белгіленген, олар тасымалдау шығындарын жаппайды және шығынға батырады. Ал ЕАЭО және ТМД елдеріндегі экспорттық жүк тасымалы Қазақстанға қарағанда 2-4 есе қымбат", – деді сенатор.

Еске сала кетейік: 2025 жылы брифинг кезінде ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергеновтен компания қарызының көлемі туралы сұралған болатын. Сол кезде ол соманы бірден айта алмай, сұрақты орынбасарына жолдаған. Бұл сәт әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.

Кейінірек ресми сауалға берген жауабында ҚТЖ 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның жалпы қарызы 3,7 триллион теңге болғанын хабарлады. Компания өкілдері міндеттемелер көлемі үнемі өзгеріп отыратынын, себебі ҚТЖ ай сайын ескі қарыздарын өтеп, жаңаларын тартып жатқанын түсіндірді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.15   542.27   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер