30 тамыз 2021 19:08

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан тағы бір адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасапн


Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасапн

Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның кім екені анықталып жатыр. 

"Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Жоғалған бір адам іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңынан өрт шықты. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети