25 сәуір 2021 13:56

Жаңа жол құрылысы киік популяциясына қалай әсер етеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан аумағын мекендейтін киіктердің жағдайы қиын. Жүзмыңдаған жануар қауіпті ауру мен браконьерлер кесірінен жойылып барады. Тек бұл емес. Жаңадан салынатын жолдардың құрылысы киіктер популяциясына әсер ете ме? Сарапшылар Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді.


Қазақстан аумағын мекендейтін киіктердің жағдайы қиын. Жүзмыңдаған жануар қауіпті ауру мен браконьерлер кесірінен жойылып барады. Тек бұл емес. Жаңадан салынатын жолдардың құрылысы киіктер популяциясына әсер ете ме? Сарапшылар Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

Жануарлардың жүрген жолдарын қадағалау үшін Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мамандары бірнеше киікке датчик таққан. Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде ақбөкендер тасжол мен теміржолды айналып өтетіні белгілі болды.

"Датчик тағылған киіктер Шалқар-Бейнеу теміржолының құрылысы аяқталғаннан кейін екі жылдан аса уақыт бойы, 2017 жылдың күзінен бастап 2019 жылдың желтоқсанының соңына дейін жолды кесіп өтпеген", - деді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілі.

Бұл келесі суреттерде көрінеді. Алдымен үстірт киіктерінің 2011 жылдан 2013 жылға дейінгі қозғалысы көрсетілген. Келесі суретте жануарлар айналып өтетін жаңа теміржол пайда болғаны көрінеді.

Екі жыл бойы биологтар мен құрылысшылар арасында Орталық-Батыс жол құрылысы бойынша даулар жүріп жатыр. Ғалымдар жануарларды құтқару үшін жол бағытын өзгертуді ұсынған. Олардың айтуынша, жол киік төлінің жайылатын жерлерін бөліп тастайды. Егер мұның алдын алмаса, киіктердің жиналуына байланысты жем жетпей, ауру салдарынан қырылу қаупі пайда болады.

"Жантеке-Арқалық және Торғай-Ырғыз бағытындағы жол бөліктері жолдар жоқ даладан өтеді. Табиғи және бұрыннан бар антропогендік кедергілерге байланысты батыс пен шығысқа қарай киіктер осы екі учаскеде шоғырланған. Жоспарланған жолдың екі бөлігі де, әсіресе Торғай-Ырғыз, осы жерді кесіп өтіп, киіктердің бетпақдала популяциясына орны толмас залал келтіруі ықтимал", - деді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілі.

Құрылысшылар жануарлардың жолдан өтуі үшін арнайы көпір немесе туннель қолдануды ұсынған. Алайда Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы өкілдері киіктер мұндай жолдардан өтуден қорқатынын айтты.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде көлік жолдарының құрылысы киіктердің қалыптасқан жолын бұзатынын айтты. Министрлік мәліметі бойынша, жолдарда қауіпті оқиғалар болады. Олар көбінесе жануарлар үшін де, жол қозғалысына қатысушылар үшін де ауыр зардаппен аяқталады. Ведомство мәліметіне сүйенсек, ірі автомагистральдар жануарлар әлеміне айтарлықтай теріс әсер етеді.

"Жануарлар мекендейтін жерлерді алу және олардың көрші аумақтарға өтуіне кедергі болуынан басқа, көлік жолдары қоршаған ортаның химиялық ластануы, шу, микроклиматтық жағдайлар мен түнгі уақытта жарық беру жағдайының өзгеруі есебінен теріс әсер етеді", - деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ құрылысшылары бұл мәселеде биологтармен келісімге келгенін айтты. Ұйым мәліметі бойынша, Орталық-Батыс жолының құрылысы басталар алдында шетелдік консультанттарды тарта отырып, міндетті түрде экологиялық сараптама жүргізіледі.

"Орталық-Батыс құрылысы әлі басталған жоқ, биыл нақты бастамаймыз. Бұл келесі жылдың мәселесі. Көпірлер мен тунель болмайды. Себебі ақбөкендер ол жерге бармайды. Алдымен экологиялық сынақтар өткізу туралы шешім қабылданды, егер бізге жаңа шешімдер ұсынылса, онда біз нұсқаларды қарастырамыз", - деді "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Техникалық саясат және жаңа технологиялар департаментінің директоры Нұрлан Құрманбеков.

Айта кетейік, Қазақстанда киіктердің үш популяциясы мекендейді: бетпақдала, Орал және үстірт. 2019 жылы Қазақстанда 334 400 бас киік болған. Пандемияға байланысты 2020 жылы киіктерді есепке алу жүргізілген жоқ. Олардың саны артты деп болжанған. Айта кетейік, ақбөкендер Қызыл кітапқа енгізілмеген. Бірақ елде бұл жануарларды атуға мораторий бар. Браконьерлер кінәсінен киіктер саны күрт төмендеген. Бұған 2015 жылы киіктің қырылуы да әсер етті, сол кезде 134 мыңға жуық жануар қырылған еді.

Киіктерді қорғауды "Охотзоопром" Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары аумағында жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети