08 желтоқсан 2021 12:22

Жаңа заң азаматтардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған - Нығматулин

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заң жобасының маңызы мен өзектілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заң жобасының маңызы мен өзектілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

"Заң жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген. Ол елімізде биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған. Бұл заңның қабылдануы бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, әсіресе, коронавирус пандемиясы кезіндегі шұғыл қажеттіліктен туындады. Бұл жағдай қауіпті биофакторлардың салдарын жою үшін жедел әрекет ету шараларын қабылдауға дайын болу маңызды екенін көрсетті", - деді Нұрлан Нығматулин.

Заң жобасы биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін нақты ажыратуға және олардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалпы талаптарды біріздендіру және патогенді биологиялық агенттердің айналымы бойынша бірыңғай стандарттарды енгізу, сондай-ақ, елдің биоқауіпсіздік саласында мониторинг, болжау және модельдеу жүргізу қажет.

"Бұл заң жобасы Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа моделін құру үшін құқықтық негіз болады әрі азаматтар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталады", - деді Мәжіліс спикері.

Депутаттар осы заң жобасын талқылау барысында биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе деректері мәселелеріне, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді заңды тұлғалардың, оның ішінде жеке тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау кезінде туындауы мүмкін маңызды ақпараттың жария етілуі немесе жоғалып кетуіне қатысты мәселелерге ерекше назар аударды.

Нұрлан Нығматулин ақпараттық жүйелерді біріктіргеннен кейін деректер қорына қол жеткізе алатын ұйымдар қолжетімділігі шектеулі жүйені енгізуі тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, ол денсаулық сақтау министріне биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені құру барысын жеке бақылауға алу қажет екені туралы мәлімдеді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети