04 қаңтар 2023 15:47

Жаңатастағы ТЖ салдарын бірнеше сағатта жою тапсырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңатастағы төтенше жағдай салдарын бірнеше сағатта жою тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Жаңатастағы төтенше жағдай салдарын бірнеше сағатта жою тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, қарлы дауылдан кейінгі жағдаймен танысты. Сондай-ақ, қатты желден құлаған электр бағаналарын көріп, оларды жөндеу бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.

"Қонаев атындағы орта мектебінде болған облыс әкімі қаладағы екі-үш оқу ордасын жылытуға барынша көңіл бөлу керек екенін баса айтты. Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Бұл мектептер жылыту пункттері ретінде дайын тұруы маңызды.

"Шахан" қосалқы станциясына барған Нұржан Нұржігітов қаланы ең алдымен, электр энергиясына қосу керектігін жеткізді", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде электр желілерін реттеу жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылған. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды 2-3 сағатта аяқтауды тапсырғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети