Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жастар шығармашылығы орталығына - 20 жыл 05 желтоқсан 2022, 17:46

Осы аптада "Атамекен" өнер ордасында облыстық жастар шығармашылығы орталығының 20 жылдығына орай кеш өтті. Мерекелік концертке өңірімізге белгілі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Осы аптада "Атамекен" өнер ордасында облыстық жастар шығармашылығы орталығының 20 жылдығына орай кеш өтті. Мерекелік концертке өңірімізге белгілі өнер қайраткерлері қатысты.

Аталмыш іс-шараның басында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуанышбек Мұханғалиев орталықтың директорына облыс әкімінің құттықтау хатын табыстады.

- Қайырлы кеш, өнерсүйер қауым! Өңіріміздегі мәдени ошақтардың бірі - жастар шығармашылығы орталығының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын! Осы мекеме құрылған жылдан бері тынымсыз еңбек етіп, шығармашылық жолда шыңдалған азаматтарды көргеніме қуаныштымын. Қанша жастың таланты мен дарынын көпшілікке танытқан мамандардың еңбегі ескерусіз қалмайды. Жалынды жастарды қолдауға әр кез дайын тұратын ұжымның абыройы асқақтай берсін, - деді Қуанышбек Жанболатұлы.

Кештің сыйлы қонағы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Қанат Ахметов Ақ Жайық өңірінің мәдени өміріне өз үлесін қосқан жастар шығармашылығы орталығына, оның ішінде облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі ұжымына "Ең үздік ұжым" аталымын табыс етті. Сонымен қатар басқа да бағыттар бойынша үздіктерді марапаттады.

Осынау мекеменің директоры, ҚР мәдениет қайраткері Марат Қалиевтің айтуынша, алдағы уақытта көлемді іс-шаралар жоспарлануда. Соның бірі - ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, танымал әнші Ескендір Хасанғалиевтің "Ескірмеген махаббат" атты музыкалық спектаклі.

Алғашында жастардың шығармашылық лабораториясы ретінде құрылған ұжым бүгінде концерттік үлкен бірлестікке айналды. Себебі қазір орталықтың құрамында облыстық оркестр, "Арнау" этно-фольклорлық ансамблі, хор ұжымы, "Әдемі", "Stand up" бишілер тобы және "Жастар" музыкалық театры қызмет атқарады. Қазіргі таңда біздің ұжым ұлттық өнер мен классика, симфониялық музыка, опера және джаз-рок бағытында жұмыс істеуде. Ал көрме залына назар аударсаңыз, онда өңір суретшілерінің шығармашылық еңбектері елге таныстырылуда. Айта кетейін, бүгін суретші әрі ақын Ерсайын Жапақтың картиналарын тамашалай аласыздар. Желтоқсан айында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, тамаша талант иесі Сәкен Ғұмаровтың көрмесі ұйымдастырылады. Халықтың өнерге деген құштарлығын оятып жүрген әріптестеріме алғыс айтамын, - деді Марат Кеңесұлы.

Облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі Құрманғазының "Балбырауын" күйімен бастап, мерекелік концертте орындалған барлық әндерді сүйемелдеді. Одан соң халықаралық байқаулардың лауреаты Елена Низамутдинова "Қазақ вальсін" шырқап берсе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жаңылсын Хасанова "Достар серті" мюзиклінен үзінді орындады. Сондай-ақ танымал әнші Марат Сарбөпеев пен Асланбек Қуаналиев "Байқамаймыз" әнімен ұжымда жемісті еңбек етіп кеткен азаматтарды еске алды. Тамашалауға келген жұрт таңдайын қағып, қос қолын үздіксіз соғумен болды.

Жастар шығармашылығы орталығының ақпарат және жарнама бөлімінің басшысы Дариға Күлекешованың жалпы мәдениет саласында қызмет еткеніне 18 жылға жуықтаған.

- Осы орталыққа 2016 жылы жұмысқа орналастым. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтің қыр-сырына қанық боп, әртістердің рухани нәзік болмысын, көпшілікке шуақ шашып тұратын харизмалық тұлғаларын бақылап, көп нәрсені үйрендім. Оларға сарқылмас жігер, толағай табыс және абыройлы еңбек тілеймін! Шығармашылық жолда кейінгі буынға үлгі-өнеге көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөлене берсін, - дейді Дариға Серікқызы.

Материал БҚО-ның әкімдігімен ұсынылған

Join Telegram