1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жеке куәлігінсіз көлік тізгіндегендер ұсталады 24 ақпан 2021, 09:28

2021 жылғы 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға жеке басын куәландыратын құжаты болса, жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық төлқұжатын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

2021 жылғы 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға жеке басын куәландыратын құжаты болса, жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық төлқұжатын алып жүруден босатылатын заң жобасы күшіне енді. ҚР ІІМ көлік тізгініне ешқандай құжатсыз отырған жүргізушілерге әкімшілік жаза қолданады, - деп хабарлайды Kolesa.kz.

Басылымның ресми сауалына полицейлер: "ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігіне сәйкес көлік құралын құжатсыз жүргізгені үшін жүргізушіге ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік (егер аталған құқықбұзушылық алғаш рет жасалса) немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін болмаса, оның ішінде ол дұрыс емес төлқұжат деректерін айтса немесе мүлдем хабарламаған жағдайда полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, көлік құралын айып тұрағына жеткізеді", - дейді полиция өкілдері.

Алайда полиция құжаттары жоқ жүргізушінің жеке басын қандай жағдайларда және қалай анықтайтынын ІІМ бекітпегенін хабарлады. Бұл ретте ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабында құқықбұзушының жеке басын анықтау үшін оны ұстауға болатыны жазылған. 789-бапқа сәйкес үш сағаттан артық емес. Әкімшілік кодекстің 797-бабына сәйкес полиция ешқандай құжаттары жоқ көлік жүргізушілерін ұстауға және айыппұл тұрағына жіберуге құқылы.

"Егер жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық төлқұжаты болмаса, жеке куәлігіңізді алып жүруді ұмытпаңыз!" - деп түйіндеді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!