29 шілде 2020 09:45

Желіде Алматы зоопаркінде өліп қалған арыстанның фотосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет:  pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы зоопаркінде арыстан өліп қалған. Оның фотосын Владимир Калюпа Желіге жүктеді және ол қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы зоопаркінде арыстан өліп қалған. Оның фотосын Владимир Калюпа Желіге жүктеді және ол қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Владимир Калюпа жануарлардың өміріне алаңдап, зоопаркте жаңа карантин-емдеу зонасын салуға ақша бөлуді сұрады. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі "Защитим Алматы" тобында жазды.

"Ескісі Кеңес кезінде салынған және қазір жарамсыз. Сіздің, айтуға рұқсат етсеңіз, біреулердің қолына ұлттық парктерге деп бөлген ақшаңыз және зоопарк туристерді тартпайды. Әкім, жол шетіндегі жақсы төсенішті жаңасына ауыстыра беруді қойыңыз", - деп жазды Владимир Калюпа.

Сондай-ақ, пост авторы өліп қалған теңбілшенің фотосын және жануарды қарау туралы актіні жүктеді. Құжатта жануардың өсуінде тежеу бар деп жазылған. Бірақ кейінірек жазба өшірілді. Tengrinews.kz редакциясы скриншотты сақтап алған.

 

 Алматы зоопаркіндегілер жазбаға қатысты пікір білдірді. Мекеме өкілдерінің айтуынша, ветеринария бөлігі бойынша жаңа ғимараттың құрылысы пандемияға байланысты тоқтатылған.

"2020 жылғы наурызда республикада COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жобалық-сметалық құжатын әзірлеу және зоопарктік ветеринария бөлігінің жаңа ғимаратының құрылысы бойынша жоспарланған барлық жұмыс тоқтатылды.

Қазір Алматы зоопаркінің ветеринария бөлігі қажетті ветеринариялық бұйымдармен толық қамтылған. Рентген аппараты, УЗИ түсіретін аппарат, оксигенератор, пациент мониторы, видео эндоскоп,  ЭКГ аппараты, жасанды тыныс алдыру аппараты, ингаляциялық наркоз аппараты және қажетті ветеринарлық медикаменттер мен препараттар бар. Сондай-ақ жыл сайын зоопарктің ветеринарлық бөлігі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деп жазды зоопарктің баспасөз қызметіндегілер.

Ал Алматы зоопаркінде өлген арыстанға қатысты зоопарк өкілдері "Ассоль" есімді ұрғашы арыстан зоопаркке 2019 жылғы 18 маусымда жеке тұлғаның қолынан келгенін айтты. Сол кезде ол 7-8 айлық болған және қатты ауырып келген.

"Зоопаркке түскен кезде денсаулығын қарадық және мамандар жануардың жағдайы қанағаттанарлық емес екенін айтты. Толық тексеріп, анализдерін алғаннан кейін бұл жануардан лептоспироз, псевдотуберкулез, пастереллез, иерсиниоз, панлейкопиния, катаральды геморрогиялық энтерит, қабынба гастрит, гемморрагиялық лимфаденит, жүрегінің екі бөлігінің ұлғаюы, қабынба цистит, бауыр, бүйрек, жүрек бұлшықетінің дистрофиясы, тік ішектің жарасы деген диагноздар анықталды. Бұл аурулармен жануар кішкентай кезінен ауырған. Қажетті ем қабылданды, бірақ өкінішке қарай арыстанның ұрғашысы 2019 жылғы 9 шілдеде өлді", - деп хабарлады зоопарктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети