12 сәуір 2023 17:40

Желіде астананы Түркістанға көшіру туралы видео қызу талқыланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

WhatsApp-та елорданы Түркістанға көшіру туралы бейнеролик тарап жатыр. Бұл идеяны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған, ал Парламент депутаттары оны бірауыздан қолдаған. Бас қаланы ауыстыру туралы ресми түрде 2024 жылғы қаңтарда жарияланады екен. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake сайтына сілтеме жасап.

Президенттің ресми сайтында елорданы Түркістанға көшіру туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ, Парламенттің сайтында астананы көшіру туралы "тарихи шешім", "қызу талқылау" және "бірауыздан қолдау" туралы хабарламалар жоқ.

Еліміздің бас қаласын Астанадан Түркістанға көшіру туралы қауесет бұрыннан таралып жатыр.

Алайда 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаев олардың мүлдем негізсіз екенін және мұндай шешім қабылданбағанын айтқан болатын. 2022 жылы Қазақстан астанасын Түркістанға ғана емес, Қостанайға да көшіру туралы ақпарат тараған. Ол - фейк ақпарат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети