24 қараша 2023 | 15:51

Жетісу облысы әкімі Талдықорған полиция басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zhetysu.gov.kz Фото: zhetysu.gov.kz

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған ПБ бастығының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған ПБ бастығының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім Астанада ОКҚ-да өткен брифинг барысында жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл жерде айтатын ештеңем жоқ, ақталмаймын. Қоғам сенім артқан, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік құқық қорғау органының басшысы осындай әрекеттерге барса. Ауыр, өкінішті, ұят. Мұндай адамдарға полиция қатарында орын болмауы керек. 10 күн бұрын облысымызға Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері келді, қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілді", - деді журналистер сауалына жауап берген облыс әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, Жетісу облыстық ПД бастығы мен оның екі орынбасары қызметінен босатылған.

"Қалған екі орынбасарға қатысты қызметіне толық сәйкес емес деген шешім қабылданды. Қазір облыстық полиция басқармасының бастығы лауазымына жаңа азамат келді. Қалалық полиция бөлімінің бастығы лауазымына адам іздеп жатырмыз. Министрмен офицерлердің бас штабымен, қала және облыс штабымен, полиция бөлімімен жеке кездесу өткіздік. Ашық әңгіме болды", - деді Бейбіт Исабаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Путин Астанаға келеді

Валюта бағамы

 491.74   530.25   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети