Жезқазған әкімдігі “қаланың келбетін жақсартты“, бірақ бұл тұрғындарға ұнамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазған әкімдігі “қаланың келбетін жақсартты“, бірақ бұл тұрғындарға ұнамады Бейнеден кадр

Жезқазған тұрғындары қаланың орталық көшелерінің біріне жасанды көгал төселуіне наразылық білдірді. Әкімдіктегілер мұндай көгал "қаланың сыртқы келбетін жақсартатынын" алға тартты. Бұл мақсатқа бюджеттен қанша қаражат жұмсалды және бүкіл қала пластикпен қаптала ма? Tengrinews.kz тілшілері анықтап көрді.


Жезқазған тұрғындары қаланың орталық көшелерінің біріне жасанды көгал төселуіне наразылық білдірді. Әкімдіктегілер мұндай көгал "қаланың сыртқы келбетін жақсартатынын" алға тартты. Бұл мақсатқа бюджеттен қанша қаражат жұмсалды және бүкіл қала пластикпен қаптала ма? Tengrinews.kz тілшілері анықтап көрді.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде Жезқазған тұрғынының Омаров көшесі бойындағы синтетикалық жасыл жабынды сынап жатқан видеосы тарады. Жазба мәтінінде авторлар "тірі, экологиялық таза, шынайы әрі төзімді дүниенің орнына дамудың арзан жасанды муляжы жасалып жатыр" деп мәлімдейді.

"Жезқазған, Сәтбаев көшесі, Омаров көшесімен қиылысқан жерден бастап. Мен: "Саябақтар басқармасы бес мың шаршы метр жасанды көгалды не үшін сатып алды?" деп ойлап едім. Міне, Сәтбаев көшесі, қауіпсіздік аралы, ағаштар өсіп тұрған жер – сол жерде Жезқазған әкімдігінің мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының қызметкерлері тротуар бойындағы топырақ пен қауіпсіздік аралына жасанды, синтетикалық көгал төсеп жатыр. Бүкіл Сәтбаев көшесі бойына", – деп кейіді қала тұрғыны.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Check-point.kz (@check_point.kz) жариялаған жазба

Пікір қалдырушылар да қала билігінің бұл шешіміне ашуланды. Желі қолданушылары мұндай жабынды "шаң жинағыш" деп атап, бірнеше айдан кейін көгалдың "сұр шүберекке" айналатынын айтып отыр.

Жазба астындағы пікірлер скриншоты

Әкімдік не дейді?

Tengrinews.kz редакциясы қала әкімдігінен пікір білдіруін сұрады. Әкімдіктегілер мердігерлер абаттандыру аясында жасанды көгал төсеп жатқанын, бірақ бұл жұмыстарға бюджет қаражаты жұмсалмағанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта қала аумағында төселіп жатқан жасанды көгал жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен сатып алынды. Бұл жұмыстарға бюджет қаражаты бөлінген жоқ және жұмсалмады. Жұмыстар жеке кәсіпкерлердің демеушілік қолдауымен жүзеге асырылып жатыр және ол қалалық орта жайлылығын арттыруға, сондай-ақ аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған", – деп хабарлады ведомство.

Неге шынайы емес, жасанды көгал?

Шенеуніктер мұндай жабынгың пайдасын негіздеуге тырысты. Олар көгал шаңмен күресуге және іргелес аумақта тазалықты сақтауға көмектеседі деп сендірді.

"Омаров көшесіне жасанды көгал төсеу қалалық ортаны абаттандыру шаралары аясында орындалды. Бұл жабын желді ауа райында шаңның көтерілуін және құмның ұшуын азайтуға мүмкіндік береді, аумақ тазалығы мен тәртібін сақтауға септігін тигізеді, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктің сыртқы келбетін жақсартып, қала тұрғындары үшін жайлы етеді", – деп мәлімдеді әкімдіктегілер.

Бұл ретте билік өкілдері бүкіл қала бойынша жасанды көгал төсеу жоспарда жоқ екеніне сендірді.

Демеушілер мұндай жабынды тек инженерлік желілері бар учаскелер мен тіректер жанына орналастырады. Билік қалған аумақтарға тірі көгал егуге уәде беріп отыр.

Бюджеттен миллиондар бәрібір жұмсалады

Дегенмен, әкімдік қалалық ТҮКШ бөлімі синтетикалық жабынды сатып алуға бөлек конкурс дайындап жатқанын растады. Бұл мақсатқа бюджеттен 30 миллион теңгеден астам қаражат бөлінеді.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сатып алатын жасанды көгалға (видеоматериалда айтылған) келетін болсақ, мекеме оны бюджет қаражаты есебінен 30,176 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл көгал 2023 жылы жөндеуден өткен футбол, волейбол және баскетбол алаңдары жабынын ауыстыруға арналған", – деп түйіндеді әкімдік.

Бұл спорт алаңдары үшін орындар анықталып, бекітілген.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +22
Ақтау +23
Ақтөбе +19
Атырау +23
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +24
П
Павлодар +19
Петропавл +26
С
Семей +19
Т
Талдықорған +23
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +19
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер