28 шілде 2021 15:40

Жезқазғанда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жезқазғанда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Nissan Patrol жүргізушісі 67 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені көрсетілген. Әйел адам жолдан өтіп бара жатқанында жаяу жүргіншілер жүретін жолдың ортасында келе жатқан. Жәбірленуші бірнеше метр жерге ішімен құлап түскен. Сонымен қатар, видеода әйел адам құлап түскеннен кейін басын көтеріп, автокөлікке қарағаны көрсетілген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?JEZQAZǴAN|QAZAQSTAN ?? (@jezcars)

Желіде тараған видео қолданушылардың ашуына тиді. Желі қолданушылары жүргізушінің қалайша жаяу жүргіншіні байқамай қалғанына ашуланған. Сондай-ақ көбі көшеде кетіп бара жатқан адамдардың ешқандай реакция білдірмегенін атап өткен. 

Видеоға қатысты Қарағанды облысының Полиция департаментінің өкілдері түсінік берді. Ведомство өкілдері оқиға 27 шілдеде Жезқазғандағы Сейфуллин көшесінде болғанын айтады. 

"Nissan Patrol маркалы көлігін 50 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Алдын ала мәлімет бойынша, Сейфуллин көшесімен келе жатып 67 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған әйел адам ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек тіркеліп, қажет сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі боынша процессулдық шешім қабылданады", - деді ПД өкілдері.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети