29 сәуір 2015 13:51

"Жұлдыз" радиосы Батырхан Шүкеновті еске алу күнін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Айжан Түгелбаева ©Айжан Түгелбаева

"Жұлдыз" радиосы  Мәскеуде қаза тапқан музыкант Батырхан Шүкеновті еске алу күнін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жұлдыз" радиосы  Мәскеуде қаза тапқан музыкант Батырхан Шүкеновті еске алу күнін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 сәуірде эфирден тек қана композитордың танымал әндері берледі. Күні бойы жүргізушілер Батырхан Шүкеновтың өмірбаяны мен өнер жолынан деректер айтады. Сонымен қатар, желіден әншінің достары мен ұжымдастарының көңіл айтуларын естуге болады. Радиодан "Муз-ТВ" арнасының директоры Арман Дәулетияров пен музыкант Бауыржан Исаев, әнші Құрмаш Маханов пен Беркут көңіл айтады.

Радио тыңдармандардан (727) 388 101/161 нөмірлері бойынша қоңырау күтеді. Сонымен қатар, SMS-портал ашылды. Хабарламаны 6100 қысқа нөміріне жіберуге болады. SMS мәтіні radio сөзінен басталуы тиіс.

Осыған дейін әншінің 52 жасында Мәскеуде қайтыс болғаны хабарланды. Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети