Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Журналистер Ақтөбе мен Шымкенттегі қазақ-түрік лицейлерінің хал-күйін біліп қайтты

03 Тамыз 2016, 10:05
0
© katev.kz
© katev.kz

Ақтөбедегі қазақ-түрік лицейлерінің қызметкерлері ата-аналарға лицейдің ары қарай жұмыс істейтіні жөнінде хабарлама таратуда. Мекеме директоры Якуп Мырзак өзінің демалысын тоқтатып, ата-аналар комитетін жинауға кіріскен, - деп хабарлайды "Диапазон" газеті.

"1 қыркүйекте бізде алғашқы қоңырау, байбаламға салудың қажеті жоқ, - дейді директор. - Біз халықаралық KATEV қорымен жұмыс істейміз, Қазақстанның қолдауымен жұмыс істейміз, білім берумен айналысамыз, саясатқа еш қатысымыз жоқ. Менде және мұғалімдерде 11 тамызға дейін еңбек демалысы, алайда жексенбіден бастап жұмыстамын. Бізге қоңыраулар шалып жатыр. Бір әйел жылап та қалды. Біз барлығын жұбатудамыз. Бізде 260 бала бар, 50 баланы биыл тағы қабылдадық. Біздің балалар жақсы оқиды, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанып жүр. Ондай жеңімпаздар бізде 30-ға жуық. Жеті бала биыл "Алтын белгі" алды. Біз тек оқушылармен жұмыс істеп қана қоймаймыз. Биыл бірінші рет ҚТЛ базасында 508 қалалық және ауыл балаларын біздің ұстаздар ағылшын тілін тегін үйретті. 15 тамыздан бастап біз орта мектептердің физика, химия, биология және информатика пәндерінің мұғалімдерін оқытамыз, робот техника саласында мұғалімдерге семинар жүргіздік. Біздің мұғалімдер шетелдік жаттықтырушылардан дайындалып жүр".


Якуп Мызрак. © diapazon.kz

Сонымен қатар "Otyrar.KZ" порталының мәліметінше, Шымкенттегі қазақ-түрік лицейі де штат режимінде жұмыс істеп жатыр. "Біздің мектепте оқитындарды айтқым келетіні, біз жабылмаймыз, штат режимінде жұмыс істейміз. Қазір балаларда демалыс уақыты, біз сол үшін ғана жабық тұрмыз, алайда мектепке білім алу үшін балалардың құжаттарын қабылдау күн сайын жұмыс жүріп жатыр..." - деді дарынды балаларға арналған № 1 қазақ-түрік лицейінің өкілі Жеңіс Елшібеков.


Шымкентегі қазақ-түрік лицейі. © otyrar.kz

Еске салайық, Түркияның Астанадағы өкілетті елшісі Невзят Уяныкқазақ-түрік лицейлерінің және жоғары оқу орындарының Түркия үкіметіне еш қатысы жоқ екенін айтып, төңкеріс әрекеті болғаннан кейін Түркияның барлық достастық елдерінен қолдау күтетінін мәлімдеген еді. Ол достастық елдерге қарата сөз айтқан еді. "Төңкеріс әрекеті еліміздің демократиялық тіреуіне бағытталды, ол біздің үкіметті құлатуға бағытталды, ал бір тұсынан бұл әрекет басқа елдерге де ескерту. Органдар қажетті шараларды жүргізуді бастайды деп сенемін. Біз Қазақстан Республикасымен тығыз байланыстамыз, әріптестіктеміз. Бұл Түркия мүддесі ғана емес, бұл мәселелер Қазақстан Республикасының мүддесіне де қатысты", - деген еді елші.

Бұдан кейін Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі осы жағдайға байланысты ресми ұстанымын жария етіп, мәлімдеме жасады. "ҚР БҒМ еліміздегі ҚТЛ қызметіне қатысты өзінің ресми ұстанымын жеткізеді: бұл білім беру мекемелері (Қазақстанда 27 мемлекеттік қазақ-түрік лицейі бар) бұрын қалай жұмыс істесе, алдағы уақытта тура солай жұмыс істейді, оқушылар мен ата-аналарға басқа мектеп іздеуге тура келеді деп сақтануға себеп жоқ", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері. 

Сонымен қатар, КТК арнасына белгілі болғандай, Қазақстандағы Түркия елшілігінде қызмет ететін өкілдері қазақ-түрік лицейлерінен өз балаларын алып кеткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай