09 қыркүйек 2020 17:46

"Жүйедегі ақау". Орал тұрғындары төленбеген айыппұл туралы SMS-хабарлама алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kolesa.kz сайтынан Фото kolesa.kz сайтынан

Орал тұрғындарына төленбеген айыппұл бар екені туралы жаппай SMS-хабарлама келген. Аймақтың әкімшілік полиция департаментінің басшысы мұның жүйедегі ақау екенін айтты, деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Орал тұрғындарына төленбеген айыппұл бар екені туралы жаппай SMS-хабарлама келген. Аймақтың әкімшілік полиция департаментінің басшысы мұның жүйедегі ақау екенін айтты, деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Instagram желісіндегі zhaloby_uralsk_official парақшасында Орал тұрғынының хабарламасы жарияланған. Ол төленбеген әкімшілік айыппұл туралы SMS-хабарлама алғанын жазған. Сонымен қатар, хабарламада Гагарин, 2/5 мекен-жайында орналасқан Орал әкімшілік полиция бөліміне келуі сұралған. 


Фото: mgorod.kz 

Мұндай SMS-хабарламаны ол ғана емес, Оралдың басқа тұрғындары да алғаны анықталды. 8 қыркүйекте олар көрсетілген мекен-жайға барған, онда БҚО ПД әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Олжас Ибрагимов қала тұрғындарынан бұл хабарламаға мән бермеуді сұрады.

"Әкімшілік полиция басқармасы облыстың жергілікті тұрғындарына айыппұл төлеу және әкімшілік практика бөліміне келу қажет екені туралы SMS-хабарлама жіберген. Тексеру барысында SMS-хабарламалар БҚО полиция департаментінің ішкі жүйесіндегі ақауға байланысты жіберілген болып шықты", - деп түсіндірді Олжас Ибрагимов.

Ол қала тұрғындарынан жалған айыппұл туралы хабарлама үшін кешірім сұрады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети