11 ақпан 2022 18:05

Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысы әкімін қолға түсіруге әрекет жасалған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы бейбіт митингіге келген адамдармен келіссөздер жүргізу кезінде бұзақы топ қолға түсірмек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы бейбіт митингіге келген адамдармен келіссөздер жүргізу кезінде бұзақы топ қолға түсірмек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Aray City Mall сауда үйінің алдына жиналған шерушілермен кездесуге Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келді. Алайда келіссөздер нәтиже бермеді. Жиналғандар ештеңе тыңдағысы келмеді, әдепсіз сөздер айтты, түрлі әрекеттер жасады. Облыс әкімі көлікке мінген кезде оны ұстауға бұзақы топ әрекет жасады. Ол Полиция департаментінің арнайы бөлімшелерінің күшімен эвакуацияланды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

5-6 қаңтарда Қызылорда облысында болған тәртіпсіздіктер кезінде басқыншылар он жеті мемлекеттік мекеме мен жиырма бір жеке сектор субъектілеріне шабуыл жасаған. Бұл ретте олар 65 көлікті өртеп, 80 көлікті бүлдіріп, екеуін ұрлап кеткен.

"Қақтығыс кезінде 58 полиция қызметкері мен 52 сарбаз түрлі дәрежеде жарақат алды. Облыстық медициналық орталықтың мәйітханасынан 6 бүлікшінің мәйіті ұрланды", - деді полицейлер.

Қазіргі таңда облыста қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, облыстық полиция қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети