09 наурыз 2022 13:24

Қаңтардағы оқиғалар: күш құрылымдарының басшылары Мәжіліске шақырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Депутаттар күш құрылымдарының басшыларын қаңтардағы оқиға туралы сұрақтар қою үшін Мәжіліске шақырды. Олар қоғамда ресми дерек болмаған соң түрлі қауесет тарай ма деп алаңдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутаттар күш құрылымдарының басшыларын қаңтардағы оқиға туралы сұрақтар қою үшін Мәжіліске шақырды. Олар қоғамда ресми дерек болмаған соң түрлі қауесет тарай ма деп алаңдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Жанарбек Әшімжанов өзге де депутаттардың Бас прокурордың атына жолдаған сауалын оқып берді.

"Алматы облысында болып, Мәжіліс депутаты ретінде ұсталғандардың туыстарымен кездестім. Олардың талабы бойынша Талдықорған изоляторында отырған жас жігіттермен де кездестім. Олардың ата-аналары мен туыстары азаптаудың түрлі тәсілдері қолданылғанын айтты. Камерадағылармен сөйлесіп, олардың өтініштерін ата-аналарына жеткіздім. Сондай-ақ, әріптестеріміз Шымкент, Тараз, Алматыда да осындай кездесулер өткізді", - деді Әшімжанов.

Ол осы мәселеге байланысты әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат таралып жатқанын атап өтті.

"Ресми ақпарат болмаған кезде, күдік пен күмән болады. Сөйтіп, түрлі қауесеттер таралады. Біз тергеу өз ретімен жүріп жатқанын түсінеміз, белгілі бір шаралар жүргізілуі керек, бірақ неге түпкі дереккөзден ақпарат алу мүмкін емес? Қылмысты анықтау процесі қашан аяқталады, изоляторлардағы адамдар қалай жұмыс істейді? Қылмыстық іс аяқталғанда, материал сотқа берілген кезде олардың құқықтары қалай қорғалады? Осы сұрақтарға ашық, нақты, жан-жақты жауаптар берілуі керек. Күш құрылымдары, мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп, осы сұрақтарға толық жауап беруі тиіс", - деді Әшімжанов.

Депутаттардың бастамасын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та қолдады.

"Қоғам қаңтардағы оқиғалар бойынша сұрақтарға жауап күтіп отыр. Олар күш құрылымдары басшыларының ақпаратын толық тыңдайды. Заңнамада Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік органдар басшыларының депутаттық сауалға ауызша жауап беру мүмкіндігі қарастырылған. Сондықтан аппарат басшысы мен тиісті комитетке осы мәселені ұйымдастыруды тапсырамын", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети