Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Капиталды заңдастырудан миллиардтаған доллар түседі

16 Сәуір 2014, 16:08
0
 ©Lenta-ua.net
©Lenta-ua.net

Капиталды заңдастыру науқаны сәтті өтсе, ел экономикасына миллиардтаған долларды тартуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап. 

Ұлттық банк төрағасы атап көрсеткендей, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тиісті заңнама қабылдануы тиіс. Одан кейін халық арасында түсіндіру жұмыстары басталады. Ал екінші жартыжылдықта капиталды заңдастыру науқанының өзі басталады. Жоспар бойынша аталған акция келесі жылы аяқталады. Ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан табыс көздерін жалпыға бірдей жариялауға көшеді. Одан кейін ондай шара шығыс көздеріне де қолданылмақ. "Демек, сол кезден бастап әрбір азаматтың табысы мен шығысына қатысты қатаң талаптар болады. Біле-білсек, жақында ондай шаралар дамыған елдерде енгізілді. Олар да соның алдында халыққа ақша мен мүлікті заңдастырып алуға мүмкіндік берді", - деді Қ.Келімбетов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Әрине, халық арасында үрей-қорқыныш болады. Оны бас банкир де түсініп отыр. Алайда капиталды заңдастыру үшін барлық жағдай жасалатын болады. Бұған дейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов атап көрсеткендей, ақшаны заңдастыратын азаматтар қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазадан босатылады. "Ол ақша туралы есеп берудің қажеті жоқ. Өкінішке қарай, қазір ел аумағынан қанша ақшаның кеткені және қай жерге құйылғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда біз шамамен есептеп көрдік. Егер біз бәрін дұрыс жеткізе алатын болсақ, ақшаны заңдастыратын азаматтарға кепілдік беріп, халықты сендіре алсақ, ол науқаннан миллиардаған доллар түседі", - дейді Ұлттық банк төрағасы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай