Қарағанды облысында ауыл тұрғындары үй маңындағы жарылыстарға шағымданып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© enciklopediya-tehniki.ru © enciklopediya-tehniki.ru

Сәтбаев қаласының маңындағы Весовая ауылының тұрғындары үй маңында жөндеу жұмыстарына байланысты жарылыстарға наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сәтбаев қаласының маңындағы Весовая ауылының тұрғындары үй маңында жөндеу жұмыстарына байланысты жарылыстарға наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тұрғындардың сөзінше, "Қазақмыс" компаниясының ашық кен орнында бассыздық болып жатыр. Өйткені олардың үйлерінің жанында жарылыс жұмыстары басталыпты. 

"Жарылыс күші қатты сезіледі. Бізде үйлердің барлығы дерлік өте ескі, елуінші жылдары салынған. Баспаналарымыз мұндай дүмпулерге шыдамай, опырылып қалады. Тұрғындардың барлығы, әсіресе қариялар мен балалар пәтерде отыруға қорқады. Үй шайқалады да тұрады", - дейді Весовая ауылының тұрғындары.

Tengrinews.kz тілшісі Сатбаев қаласының әкімдігіне хабарласты. Әкімдік өкілдері мәселе жақын уақытта шешілетінін мәлімдеді.

"Мен білсем, Весовая аулының әкімдігі "Қазақмыс" компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл ауылдан адамдарды көшіріп жатқанын айта кеткім келеді. Олар үшін үйлер салынып, пәтерлер жалға беріліп жатыр. 2017 жылы тағы 27 үйдің құрылысы аяқталуы керек. Сәтбаев әкімі бұл жағдай туралы біледі, мәселе шешіліп жатыр", - дейді Сәтбаев қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрия Ілиясова. 

Қазіргі кезде Весовая ауылында бес мыңға жуық адам тұрып жатыр. Биліктің жоспары бойынша, барлық тұрғын Сәтбаев қаласына көшіріледі. Ал ауылдың өзі толықтай жойылатынын айтады әкімдік өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer