28 желтоқсан 2021 14:47

Қарағанды ​​облысында тазы иттерді өлтіргендердің әрекеті шу шығарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шет ауданы ветеринария станциясы мамандары қаңғыбас иттермен тазыны өлтірген. Оқиға видеоға түсіп қалған. Белсенділер қызметкерлерді жазалауды талап етіп отыр. Осы дерек бойынша тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шет ауданы ветеринария станциясы мамандары қаңғыбас иттермен тазыны өлтірген. Оқиға видеоға түсіп қалған. Белсенділер қызметкерлерді жазалауды талап етіп отыр. Осы дерек бойынша тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Telegram-дағы shock_krg-парақшасында жарияланды. Кадрда Шет ауданы ветеринария қызметкерлерінің дауысы жазылған. Олар көлікпен жүріп, даладағы иттерді атқан. Сонымен қатар, видеодағы кейбір иттер қаңғыбас ит болмаған. Жануарларды қорғаушылар тіпті өлтірілген жануарлардың бірі сирек кездесетін тұқымға жататын тазы екенін айтты.

"Шет ауданы Ақадыр кентінде ит атушылар осындай видео түсіріп жатыр. Бұл - қазақтың ұлттық қазынасы. Бұл - барып тұрған ессіздік! Ол иттер қаңғыбас емес. Осыны істегендерді жазалау керек", - делінген видеодағы жазбада.

Сонымен қатар, Шет ауданы әкімдігінің өкілдері де видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство қызметкерлері итті өлтіру дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілетінін мәлімдеді. Әкімдікте ветеринария қызметкерлері тұрғындардың шағымдарынан кейін иттерді ұстағаны айтылды.

"Ақадыр кентінің тұрғындары балаларды қорқытқан қаңғыбас иттерге шағымданды. Қаңғыбас жануарлар саны артуына байланысты, сондай-ақ, иттердің бірнеше рет шабуыл жасағанын ескере отырып, оларды аулау және жою туралы шешім қабылданды. Аудандық ветеринария қызметкерлері 24 желтоқсанда рұқсат етілген препараттармен қаңғыбас иттерді аулау және жою жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында әдепсіз сөйлеу, тазыны өлтіру дерегі анықталды. Бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша қызметкерлер жауапкершілікке тартылады", - деді әкімдік қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети