18 наурыз 2024 10:54

Қарағандыда ауданды безендіруге 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңге болатын, ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Оған бір жылдан аса мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды.

Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген", - делінген хабарламада.

Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына сәйкестендірілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети