“Қараудың өзі аянышты“: алматылықтар метродағы қызметтік иттің жағдайына алаңдаулы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қараудың өзі аянышты“: алматылықтар метродағы қызметтік иттің жағдайына алаңдаулы Жазба авторының суреті

Әлеуметтік желілерде Алматы метросындағы қызметтік иттер бірінің фотосы тарап жатыр. Жазба авторы жануардың әбден арықтап кеткенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі мән-жайды қалалық метрополитеннің баспасөз қызметінен білді.


Әлеуметтік желілерде Алматы метросындағы қызметтік иттер бірінің фотосы тарап жатыр. Жазба авторы жануардың әбден арықтап кеткенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі мән-жайды қалалық метрополитеннің баспасөз қызметінен білді.

Не болды?

Қызметтік иттің фотосы әлеуметтік желілердің бірінде пайда болды. Жазба авторы жануардың күйіне назар аударған.

"Алматы метросы қызметкерлерінің иттеріне не болған? Иттің халі мүшкіл, тым арық, жүндері түсіп қалған, қараудың өзі аянышты", – деп жазды қыз.

Біз жарияланым авторымен сөйлестік. Қыз итті 2 маусымда суретке түсіргенін, өйткені оның түріне қарап, жануар аштықтан қажыған деп есептегенін айтты.

Жазба астына алаңдаушылық білдірілген ондаған пікір жиналды. Кейбір қолданушылар метрополитен басшылығынан бұл мәселеге көңіл бөлуді талап етті. Өзгелері жағдайға тиісті қызметтерді араластырып, тексеріс жүргізуге шақырды.

"Осы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, ветеринария қызметінің иттің күйіне назар аударуын сұраймыз! Бұл жануарға жасалған қатыгездік қой!"

Пікір білдірушілердің кейбірі ит емдеуден кейін осындай күйде болуы мүмкін немесе асқазанында кінәрат бар деп болжады. Басқалары оның мұндай күйін жануардың есірткі заттарын іздеуге пайдаланылатынымен байланыстырды.

Метро әкімшілігі не дейді?

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін "Метрополитен" КМК әкімшілігіне хабарласты. Ондағылар фотодағы иттің қызметте екенін растады.

"Жануар дене бітімі арық және аса белсенді болуымен сипатталатын тұқымға жатады. Сыртқы көрінісі әрдайым жануардың денсаулығының нақты жағдайын көрсете бермейді. Барлық қызметтік ит кинологиялық орталықта ұсталады, мамандардың тұрақты бақылауында болады, белгіленген рационға сәйкес толыққанды тамақ ішеді және тұрақты ветеринарлық бақылаудан өтеді", – деп түсіндірді метрополитеннің баспасөз қызметі.

Компания өкілдері кадрға түскен иттің расында есірткі заттарын іздеуге үйретілгенін және метрополитен бекеттерінде қызмет атқаратынын айтты.

Бұл ретте баспасөз қызметі жануарға тиісті деңгейде күтім көрсетілмейді деп айтуға ешқандай негіз жоқ екенін қосты.

Tengrinews.kz редакциясы Алматы полиция департаментіне де сауал жолдады. Материал жарияланған сәтте құқық қорғау органдарынан жауап келген жоқ.

Бұған дейін Түркістан облысында "зейнетке" шыққан қызметтік иттер электрон сауда порталы арқылы сатылып жатқаны хабарланған болатын. Барлығы 12 жануар сатылымға шығарылған. Бір иттің құны небәрі 561 теңгеден басталады. Мұндай сатылымдар бұған дейін Қостанай мен Алматы облыстарында да өткен еді. Қорғаныс министрлігі жанындағы "Қазспецэкспорт" РМК сол кезде мұндай иттерді кімдер сатып алатынын айтып берген болатын.

Түркістан облысында қызметтік “ардагер“ иттер 561 теңгеден сатылып жатыр

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +22
Ақтау +23
Ақтөбе +19
Атырау +23
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +24
П
Павлодар +19
Петропавл +26
С
Семей +19
Т
Талдықорған +23
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +19
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер