Қаржы министрі депутаттың жаңа несиелер туралы алаңдаушылығына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрі депутаттың жаңа несиелер туралы алаңдаушылығына жауап берді Фото:depositphotos.com

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның 600 миллион доллар көлеміндегі жаңа қарызды қайда жұмсайтынын түсіндірді. Бұл туралы оған бүгін Мәжілістің жалпы отырысында сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның 600 миллион доллар көлеміндегі жаңа қарызды қайда жұмсайтынын түсіндірді. Бұл туралы оған бүгін Мәжілістің жалпы отырысында сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін депутаттар Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімдерді ратификациялау жөніндегі екі заң жобасын қарады.

Талқылау барысында Ерлан Стамбеков бір апта бұрын Мәжіліс үкіметтің 2025 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдағанын еске салды. Депутаттың айтуынша, сол кезде жаңа қарыздар іс жүзінде бұрынғы міндеттемелерді өтеуге және ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға жұмсалып жатыр деген қауіп айтылған болатын.

"Сіз бізді мемлекеттік қарыз деңгейі қауіпсіз шекте екеніне және айтарлықтай тәуекелдер жоқ екеніне сендірдіңіз. Бүгін біз Халықаралық қайта құру және даму банкінен 600 миллион доллар сомасында жаңа қарыз алу мәселесін қарап жатырмыз. Нақтылағым келеді: бұл қаражат та бюджеттің шығыстарын жабуға бағыттала ма, әлде осы қарыз есебінен қаржыландырылатын нақты жобалар қарастырылған ба?" - деп сұрады депутат.

Мәди Такиев сұраққа жауап бере отырып, 2026 жылға арналған республикалық бюджеттің құрылымы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, шығыстардың жалпы көлемі шамамен 27 триллион теңгені құрайды. Бюджеттің меншікті кірістері шамамен 19,3 триллион теңгеге бағаланса, тағы 2,8 триллион теңгені Ұлттық қордан нысаналы трансферт түрінде алу жоспарланған.

Шығыстардың қалған бөлігі бюджет тапшылығын құрайды, ол министрдің мәліметінше, 4,6 триллион теңге болады.

"Бұл тапшылықты қаржыландыру үшін жыл бойы ішкі және сыртқы нарықтардан қарыз қаражаты тартылады", - деп түсіндірді Мәди Такиев.

600 миллион доллар қайда жұмсалады?

Министр жаңа қарыздың қандай да бір нақты инфрақұрылымдық немесе әлеуметтік жобаға байланбағанын растады.

Қаражат бюджет тапшылығын қаржыландыруға және мемлекет қарастырған шығыстарды қамтамасыз етуге бағытталады.

"Аталған қарыз бюджет тапшылығын қаржыландыруға және бюджет шығыстарының атқарылуын қамтамасыз етуге бағытталады", - деп хабарлады Қаржы министрлігінің басшысы.

Әңгіме Халықаралық қайта құру және даму банкінің 92,3 миллиард жапон иенасы көлеміндегі қарызы туралы болып отыр, бұл шамамен 600 миллион долларға тең (шамамен 293 миллиард теңге - ескертпе).

Қарыз Қазақстанға 11 жылға, соның ішінде бес жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі.

Сыйақы мөлшерлемесі TONA (жапон иенасымен жасалатын операциялар бойынша базалық мөлшерлеме) формуласы плюс айнымалы спрэд бойынша есептеледі. Біржолғы комиссия қарыз сомасының 0,25 пайызын, резервтеу комиссиясы - игерілмеген қаражат қалдығынан жылдық 0,25 пайызды құрайды.

Қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджет есебінен Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.

Тағы 400 миллион доллар екінші банктен алынады?

Жалпы отырыста депутаттар Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен жасалған келісімді де қарады.

Бұл келісім бойынша Қазақстан 62,3 миллиард жапон иенасын тартады. Жиынтығында екі халықаралық банк елге шамамен 1 миллиард доллар (шамамен 490 миллиард теңге - ред. ескертпесі)) береді.

"Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін біз екі халықаралық банктен 1 миллиард доллар тартамыз, сондай-ақ нарықтағы жағдайға байланысты шамамен 1–1,5 миллиард долларға еуробондтар шығаруды жоспарлап отырмыз. Қалған бөлігі ішкі қарыздар есебінен жабылады", - деді Такиев.

Екі қарыз да 11 жылға, соның ішінде бес жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі.

Үкімет қаражатты республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды қолдау жөніндегі шараларды іске асыруға бағыттауды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстан 600 миллион доллар қарыз алады: ақша қайда жұмсалмақ?

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.39   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +27
Ақтау +27
Ақтөбе +30
Атырау +33
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +31
П
Павлодар +30
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер