20 наурыз 2024 13:59

Кәрім Мәсімов қайда? ІІМ басшысы жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қайда екені туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қайда екені туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол қайда? Бір жерлерде оның іс-шараларда жүргені түсірілген суреттер бар деген ақпарат болды. Бұл ақпарат қаншалықты шынайы немесе жалған? Неге оның қамауда екенін дәлелдейтін бірде-бір фото немесе видео жоқ?" – деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрлігі басшысына.

"Қазір тұтқынды көрсете алмаймыз. Ол (Мәсімов - еск.) сотталған, бас бостандығынан айыру орындарында", - деді Сәденов.

Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі былтыр 24 сәуірінде шыққан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети