Қарыз Семей тұрғындарын жылусыз қалдыруы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©energynews.com.ua ©energynews.com.ua

Қайтарылмаған қарыздың кесірінен Семей тұрғындары биыл жылусыз қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қайтарылмаған қарыздың кесірінен Семей тұрғындары биыл жылусыз қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, тұрғындардың жылу мен электр энергиясына төлем төлемеуі салдарынан Семейде жылуға қатысты проблема туындауы мүмкін. "Семейде дебиторлық қарыз - 800 млн теңге. Сол себепті коммуналдық кәсіпорын электр энергиясы мен жеткізілетін көмір үшін борышқа батқан. Бұл мәселелердің қордалануы ақыр аяғында тұтынушының қыста жылусыз қалуына әкеліп соғады. Біздің азаматтар жылумен қамту қызметі үшін уақытылы төлем төлеу тәртібін сақтауды түсінуі тиіс", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Орталық коммуникациялар қызметінің анықтамалық материалдарына қарағанда, тағы бірнеше аймақта мәселе бар. "Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласы бойынша жылу желілерінің 80 пайызы тозған. Жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр. Қостанай облысындағы "Арқалық жылу электр кешені" МҚК: негізгі жабдықтар әбден тозып тұр. Батыс Қазақстан облысы бойынша соңғы жылдары электр желі нысандарында мұз қату себепті болатын апаттар салдарынан электр берудің тоқтатылуы жиіледі. Алматы қаласындағы "Алматы жылу желілері" ЖШС-нде өткен жылғы жылыту маусымында күрделі технологиялық олқылықтар 33 пайызға (18 дерек) көбейді. Мерзімі 25 жылдан асқан жылу желілерінің көлемі - 65 пайыз", - делінген хабарламада.

Бірақ Жақсалиев алдағы жылыту маусымында жылудың уақытылы қосылатынын атап өтті. "Жылу желілерін уақытында іске қосу жөнінен ешқандай олқылық болмайды. Жылу тұтынушылары орташа тәуліктік температура үш-бес күн бойы 8 градустан төмен болғанда жылуға жалғанады. Жылу беру жөніндегі шешімді жергілікті атқарушы органдар, яғни қалалар мен облыстар әкімдіктері шешеді. Көптеген жергілікті атқарушы органдар, атап айтқанда, ауқымды жылу желілері бар ірі қалалардың әкімдіктері шешімді күні-бұрын қабылдай алады. Тұрғындар бұл жағынан қауіптенбеуі керек. Егер қандай да бір жерде ақаулар болып жатса, жергілікті атқарушы органдарға, Энергетикалық бақылау комитеті құрылымдарына хабарласу керек", - деді вице-министр.

Ол брифингте биыл 9 энергетикалық блокқа, 67 қазандық пен 47 турбинаға күрделі жөндеу жасау жоспарланғанын айтты. Бүгінде бес блок, 38 қазандық пен 18 турбина жөнделген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro