Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты болып тағайындалды

19 Наурыз, 17:27
1
Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты болып тағайындалды - Қайрат Қожамжаров
Қайрат Қожамжаров

Бұрынғы прокурор Қайрат Қожамжаров Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Осыған дейін Қожамжаровтың Қазақстанның бас прокуроры қызметінен босатылғаны хабарланды. Қожамжаров бұл қызметке 2017 жылдың желтоқсанында тағайындалған еді. Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор болып тағайындалды

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987-1995 жылдары - Жамбыл қаласының және Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызметте болды. 1995-1997 жылдары - Қорғас кеденінде контрабандаға және кеден тәртібін бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы-тергеушісі, экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі бөлім бастығы.

1997-1998 жылдары - Қорғас кедені бастығы орынбасарының міндетін атқарушы болды. Ал 1998-1999 жылдары "Озон-Ислам" ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған.

1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі салық полициясы комитеті бас тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, басқарма бастығының орынбасары-бөлім бастығы, басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің тергеу және анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары  - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары. 2004-2007 жылдары - Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.

2008-2012 жылдары - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы. 2012-2013 жылдары - Ақмола облысының әкімі. 2013 жылғы қаңтар - 2014 жыл - Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. 2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай