17 қаңтар 2022 16:13

Қазақстан даму банкінің басшысы отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай Саркулов. Фото:kdb.kz Абай Саркулов. Фото:kdb.kz

Қазақстан даму банкінің басшысы Абай Сарқұлов отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан даму банкінің басшысы Абай Сарқұлов отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әрине, қуана кетуге болар еді, бұл маған ең оңай жол. Бірақ Президент міндет қойды және оны орындауымыз керек. Біз қашпаймыз және банкке қатысты сын негізді болғандықтан, қызметті қайта құрамыз, ешқандай ақталу мен сылтау болмайды. Президент сөзінің негізгі түйіні қайғылы оқиғаларға және экономикалық реформаларды қалпына келтіруге және нақты іс-қимыл жасау міндетіне арналған. Біз оны түсінеміз және барлық қажетті күш-жігерімізді саламыз", - деді Абай Сарқұлов.

Бұл ретте ҚДБ басшысы "Қазақстанның даму банкін жеке банкке айналдырғандар кім" деген сауалды жауапсыз қалдырды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның даму банкі таңдаулы адамдар тобының жеке банкіне айналғанын айтқан болатын.

Мысалы, ҚДБ қаржылық, өндірістік және құрылыс топтарын ұсынатын жеке тұлғалардың таңдаулы тобына арналған жеке банкке айналды. Біз барлығын тегімен танимыз. Жоғары кеңселерге қолжеткізуді пайдалана отырып, олар өз жобаларын жүзеге асыру үшін жеңілдіктер алады. Мемлекеттің ресурстары шағын және орта кәсіпкерлікке пайдалануға болатын осы жобаларға бағытталған", - деді Мемлекет басшысы 11 қаңтарда Мәжілісте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети