31 шілде 2014 16:04

Қазақстан Францияға 80 тонна қауіпті қалдық жөнелтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан 80 тонна қауіпті қалдықты Францияға жөнелтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан 80 тонна қауіпті қалдықты Францияға жөнелтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірге 80 тонна совтолды (полихлорланған дифенилден тұратын май) Францияға жөнелтті. Қажетті рәсімдеулер аяқталған соң полихлорланған дифенилді қалдықтары бар 292 бөшке Лион қаласына жеткізіліп, "Треди" компаниясының зауытында жойылды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл шара БҰҰДБ-ның Қазақстандағы полихлорлы дифенил қалдықтарды басқару жоспарын жасау мен орындау жобасы шеңберінде іске асырылған. Жоба Қазақстанның мығым органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы шеңберінде жүктелген міндеттемелерді орындауына бағытталған. 

"Тасымалданатын қауіпті қалдықтардың көлемі Қазақстанның бірқатар ірі кәсіпорнына тиесілі трансформаторлардан алынған майлы қалдықтар есебінен бастапқы 60 тоннадан 80 тоннаға дейін ұлғайтылды. Жүк қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу туралы халықаралық талаптарға сай буылып-түйілді", - дейді министрлік мамандары.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети