17 мамыр 2023 15:45

"Қазақстан халқына" басшысына балаларды емдетуге Желіде ақша жинау туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев қор болғанына қарамастан, неге қазақстандықтар балаларды емдеуге әлеуметтік желіде ақша жинауды жалғастырып жатыр деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев қор болғанына қарамастан, неге қазақстандықтар балаларды емдеуге әлеуметтік желіде ақша жинауды жалғастырып жатыр деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор мәліметінше, бүгінде қазақстандықтар "Қазақстан халқына" қорына 155 миллиард теңгеден аса қаржы аударған.

"Елімізде қымбат ем алуға мұқтаж балалар әлі де көп. Әлеуметтік желіде балаларды емдету үшін қаржы жинайтындар әлі де азаймай тұр. Қор әлеуметтік желіде ақша сұрамау үшін құрылған жоқ па? Жағдай неге өзгермей отыр", - деп сұрады қор брифингінде тілші.

Сұраққа жауап берген Жәмішев бағдарлама аясында орфандық (сирек кездесетін аурумен ауыратын) науқастарды емдеуге және дәрі-дәрмек сатып алуға 30 миллиард теңге қарастырылғанын түсіндірді.

Оның айтуынша, бүгінде қор мемлекет сатып алмайтын 33 дәріні сатып алып жатыр.

"Бізде дәрі-дәрмекке мұқтаж адамдардың тізімі бар. Былтыр жеткізушілермен келісімшарт жасадық. Былтыр қиын болды, өйткені бұл жеткізушілерді елшілік арқылы шетелден іздедік. Биыл балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Біз балаларды шетелге жібереміз, қатерлі ісікке шалдыққан балаларды шетелге жіберу критерийлерін кеңейттік. Елімізде ай сайын бірнеше бала шетелге емделуге кетеді. Бүгінде 245 балаға дәрі-дәрмек сатып аламыз. Жыл аяғына дейін бала саны артады. Былтыр барлығы 130 бала болса. Биыл 4 айдың өзінде 115 адам. Одан да көп болады", - деп түсіндірді Болат Жәмішев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети