27 қаңтар 2020 12:55

Қазақстан жастарының үштен бірі болашағына сенбейді - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлажы © Tengrinews.kz фотоколлажы

Қазақстан жастарының үштен бірі болашағына сенбейді. Бұл туралы "Болашақ" шәкіртақы иелері қауымдастығының директоры, ҚР АҚДМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан жастарының үштен бірі болашағына сенбейді. Бұл туралы "Болашақ" шәкіртақы иелері қауымдастығының директоры, ҚР АҚДМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Іске асырылып жатқан барлық еңбекке тарту бағдарламасын ескере отырып, 2019 жылдың үшінші тоқсанының соңында 85 мың жас буын жұмыссыз жүргені белгілі болды, ал жастар арасында жұмыссыздық деңгейі - 3,8 пайыз. Бұл тек тіркелген жұмыссыздар, яғни бұл мәліметтер толық картинаны көрсетпейді", - деді Демесінова ақпарат және қоғамдық даму министрінің қатысуымен өткен алқа отырысында.  

Оның айтуынша, жастарға өтпелі кезеңде (мектеп бітіру және ЖОО тәмамдау кезінде) көп назар аудару керек екен. 

"Әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес, болашағымыздың үміті - және елдің басты күші болып саналатын жастардың үштен бірі болашағына сенбейтінін айтқан, яғни олар өздерінің әрекеті қазіргі экономикаға қандай да бір әсер беретініне сенбейді. Бұл, сөзсіз, жұмыссыздық деңгейіне әкеп соғады", - деді Демесінова. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети