Қазақстан мен Моңғолия 13 құжатқа қол қойды

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Моңғолия 13 құжатқа қол қойды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің ресми делегация мүшелері қол қойылған құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолия Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Моңғолия Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрлігі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Моңғолия Қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Моңғолия Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрлігі арасындағы мұнай саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Моңғолия Банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

8. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен "Erdenes Mongol LLC" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Астана қаласының әкімдігі мен Қарақорым қаласының әкімшілік аппараты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум ("Жаңа Қарақорым" жобасы);

10. Алатау қаласының әкімдігі мен Қарақорым қаласының әкімшілік аппараты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум ("Жаңа Қарақорым" жобасы);

11. Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені мен Моңғолияның Ұлттық қоғамдық радио және теледидары арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

12. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

13. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Моңғолияның "Шыңғысхан" Ұлттық музейі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.6   546.88   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер