Қазақстанда 2016 жылы 182 адам террористік баптар бойынша сотталған

31 Қаңтар 2017, 12:25
0
Қазақстанда 2016 жылы 182 адам террористік баптар бойынша сотталған -

2016 жылы Қазақстанда 12 зорлық экстремистік акцияға дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Антитеррористік орталық штабының басшысының орынбасары Сергей Швейкинге сілтеме жасап.

"Өткен жылы Қазақстанда күрделі жағдай болды. Жалғыз ілікті жиһад проблемасы айқын көрінді. 2016 жылы Қазақстанда 12 зорлық экстремистік акцияның ерте кезден жолы кесілді. 182 адам террористік баптар бойынша сотталған. Ал терроризмді қаржыландырған халықаралық террористік ұйымдардың үш жандайшабы жауапкершілікке тартылды. 5 экстеримист ұсталып, шетелдік серіктестердің қолына берілді. ҰҚК мәліметі қолдауымен шетелдік арнайы органдар халықаралық террористік ұйымдардың 14 мүшесін жауапқа тартты", - деп хабарлады Бас прокуратурадағы конференцияда Сергей Швейкин.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек екенін айтқан. "Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке "мүлде төзбеушілікті" қалыптастыру керек. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек", - делінген Жолдауда.

Сондай-ақ, осы шараның барлығы Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай