Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстанда 300 мыңдай ұялы байланыс нөмірі өшірілді

23 Ақпан 2015, 17:20
0
©Osp.ru
©Osp.ru

Қазақстанда міндетті тіркеу мерзімінің аяқталғанынан кейін 300 мыңға жуық ұялы байланыс нөмірі өшірілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің өкілдері хабарлады.

"Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін 276 773 нөмір өшірілді", - деді ведомство өкілдері.

2014 жылдың 10 желтоқсанында тіркелмеген 1 617 151 нөмір анықталды. Шараны өткізу кезінде - 2014 жылдың 10 қазаны мен 10 желтоқсан аралығында 1 340 377 нөмір тіркелді. 

"Өшірілген нөмірдің иесі ұялы байланыс операторына барып, оны қайта қалпына келтіре алады, бірақ ол үшін нөмірді тіркеу керек", - деді комитет өкілдері.

Еске сала етейік, Қазақстанда 2014 жылдың 10 желтоқсанында ұялы байланыс нөмірлерін тіркеуден өткізу мерзімі аяқталған болатын. "(...). Бұл құқық қорғау органдарына қажет, жалпы оларға ғана емес, қоғамға және қауіпсіздік үшін қажет. Абоненттердің құқы бұзылмайды. Егер олардың нөмірі дұрыс тіркелген болса, онда олар ұялы байланыс қызметін пайдалана береді", - деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай