"Қазгидромет" синоптиктері 5, 6 және 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады
Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін.
"5 мамырда елдің солтүстігінде, ал 6-7 мамырда батысында нөсер жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең республиканың батысында тұман түседі", — деді метеорологтар.
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Қазақстан бойынша температура аздап құбылады деп болжанған. Елдің оңтүстігінде күндізгі температура 22-32 градустан 27-36 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 15-30 градустан 20-35 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.
Қазақстанда 2026 жылдың мамыр айы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылдың мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Метеорологтардың мәліметінше, жалпы ел бойынша ауа райы әдеттегіден жылырақ болады, бірақ жауын-шашын мөлшері әртүрлі деңгейде түседі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.