Қазақстанда әкімдерге көбірек өкілеттік берілмек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бүгін Сенат отырысында жаңа Бюджет кодексінде көзделген өзгерістер талқыланды. Сенатор Серік Өтешов бюджет деңгейлері арасындағы шығындарды бөлу және әкімдіктердің құзыреті мәселелерін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Сенат отырысында жаңа Бюджет кодексінде көзделген өзгерістер талқыланды. Сенатор Серік Өтешов бюджет деңгейлері арасындағы шығындарды бөлу және әкімдіктердің құзыреті мәселелерін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өтешовтың айтуынша, салалық функцияларды республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу бірқатар сұрақтар мен сынға себеп болды.

"Жаңа Бюджет кодексі аясында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қамтамасыз етілуі мен құзыреттеріне тікелей қатысты бірнеше норма қарастырылған. Атап айтқанда, бюджеттік деңгейлер арасындағы шығындарды бөлу – бұл республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық бюджеттердегі салалық бағыттардың қаржыландырылуы арқылы орталық және аумақтық деңгейдегі функцияларды анықтайды. Алайда осы нормаларды талқылау барысында бірқатар салалық функцияларды республикалық және жергілікті деңгейде бөлуге қатысты көптеген сұрақтар мен сын-пікірлер туындады. Олардың қатарында білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, қылмыстық-атқару жүйесі, қорғаныс, орман шаруашылығы және басқа да салалар бар", – деді сенатор.

Депутаттың пікірінше, әкімдіктерге өкілеттіктерді беру алдында олардың кадрлық, қаржылық және операциялық мүмкіндіктеріне жан-жақты талдау жүргізілмеген.

Өтешовтың ескертулеріне жауап ретінде премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин функционалдық талдау тұрақты негізде жүргізілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, реформаның басты аспектілерінің бірі – жергілікті бюджеттердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту, әсіресе алдағы әкімдерді сайлау аясында.

"Осыған байланысты әзірге бюджеттердің берілуі мен кейбір функциялардың облыстық деңгейде қалуына қатысты ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз (...) Жалпы, мемлекет басшылығы қойған міндет орындалды. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттердің үлесі 36 пайыздан 47 пайызға дейін артты (...) Қазіргі уақытта облыс деңгейінде қаржыны қайта бөлуге едәуір үлкен мүмкіндіктер пайда болды", – деп түсіндірді вице-премьер.

Сонымен қатар, Жұманғарин реформа аясында пилоттық жобалар, оның ішінде білім беру саласында да жоспарланғанын айтты. Бұл жаңа қаржыландыру тетіктерін жергілікті деңгейде сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer