Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Консультативті синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2024 жылы ақпанда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады деп күтіледі.

"Ақпанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында жаңбыр, қар түрінде жауады деп күтіледі. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша ақпанның бірінші онкүндігінің басында ҚР басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

"Ақпанның басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қатты қар жауады деп болжанған. Тұрақсыз ауа райы тұман, көктайғақ және желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтіледі. Республиканың батысында ақпанның басында, бірінші онкүндіктің ортасына қарай басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, күндіз оң мәндерге дейін көтерілуі күтіледі: солтүстік жартысында -3+2°С дейін, оңтүстігінде +5+15°С дейін. Ақпанның бірінші онкүндігі аяғында температуралық фонның кезекті төмендеуі солтүстік-батыс жартысында, содан кейін ҚР қалған аумағында болжанады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +20
Атырау +29
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +19
Петропавл +18
С
Семей +21
Т
Талдықорған +20
Тараз +24
Түркістан +21
О
Орал +16
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер