05 шілде 2023 09:00

Қазақстанда автокредит берудің жаңа платформасы ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mycar.kz жаңа өнімі әртүрлі автокредит ұсыныстарын онлайн режимінде жылдам салыстыруға және ең жақсы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.


Mycar.kz жаңа өнімі әртүрлі автокредит ұсыныстарын онлайн режимінде жылдам салыстыруға және ең жақсы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.

Mycar.kz қазақстандық компаниясы ресми автодилерлер де, жеке тұлғалар да пайдалана алатын Mycredit платформасын әзірледі. Бұл Қазақстанның ірі қаржы институттарынан автокредит алудың сенімді, жылдам және ыңғайлы құралы. Платформа банктердің және микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) сервистерімен тікелей өзара әрекеттеседі, бұл автокөлікті кредитке рәсімдеу процесін барынша жеңілдетеді.

Бір ғана өтініш беру арқылы клиент платформаға қосылған барлық банктер мен МҚҰ-дан автокредиттеу нұсқаларын алады. Бұл ұсыныстарды салыстыруға және кредитке автокөлік сатып алудың ең жақсы шарттарын таңдауға мүмкіндік береді.

Mycredit қызметтері Қазақстанның автосалондарында да, mycar.kz қосымшасы арқылы онлайн да қолжетімді.

"Біз клиенттеріміздің автокредитті рәсімдеу кезінде кездесетін барлық қиындықтарды мұқият зерттедік. Біздің мақсатымыз олар үшін қарапайым және ыңғайлы платформа жасау болды. Mycredit ұсынылатын қаржылық қызметтердің сапасын айтарлықтай жақсартады, автокредиттеу процесін едәуір жеңілдетеді және автокөлік әуесқойлары үшін маңызды кредит құралына айналады деп санаймыз", –деді Mycredit жобасының жетекшісі Әділет Аубакиров.

Mycredit платформасы бірнеше банктерге автокредит алуға өтініш беру уақытын орташа есеппен 3 сағаттан 8 минутқа дейін қысқартады.

"Процестерді жеделдету мемлекеттік GovTech бастамаларының арқасында мүмкін болды, бұл қаржылық өнімдерді клиенттер үшін қолжетімді, ашық және қауіпсіз етті. Банктер клиенттерге ХҚКО-ларға бармай-ақ құжаттарға қол қоюға және шарттарды онлайн тіркеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Mycredit өнімін дамыту жөніндегі басшысы Куаныш Кабдоллин.

Қазір Mycredit платформасында Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Freedom Finance Bank, Еуразиялық банк ірі қаржы институттарынан, сондай-ақ Mycar Finance және Sapa Digital Finance микроқаржы ұйымдарынан автокредит алуға болады. Серіктестер тізімі кеңейіп, жаңа қатысушылармен толықтырылады.

Сондай-ақ 2023 жылы Mycredit платформасы тауарлық кредиттеуді және КАСКО мен ОГПО сақтандыру өнімдерін сатып алу процесін енгізуді жоспарлап отыр.

Myсredit - бұл Mycar.kz экожүйесін дамыуының жалғасы, оның құрамына автоорталықтар, Mycar.kz онлайн автодилер, Mycar Finance МҚҰ, Mycar Pro бизнесті автоматтандыру жүйесі және Mycar франшизасы кіреді.

Mycar.kz қосымшасы App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети