1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда бассейндер мен театрлар ашылады26 тамыз 2020, 17:13

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары елімізде COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80 пайызға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобиль бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.

Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап мына нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

  • діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);
  • бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);
  • жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);
  • спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);
  • мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50 пайыздан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу қажет);
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және тағы басқа (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет);
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

"Барлық нысан тиіс дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитариялық талапты қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда митинг өтті